Шымкентте сақтандыру құжаты болмаған Toyota Land Cruiser айыптұраққа қойылды
Шымкентте сақтандыру құжаты болмаған Toyota Land Cruiser айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйек күні Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Дамбов көшесінің бойында Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін тоқтатады. Автокөлік жүргізушісі жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны бойынша тоқтатылған.
Полиция қызметкерлері жүргізушіден құжаттарын сұрағанда өзімен бірге көлік басқаруға сақтандыру полисі жоқ екендігі анықталады. Аталған жайт бойынша жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 1-тармағымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.