Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тәртіп сақшылары Opel Astra көлігін ұрлап кеткен ер адамды ұстады

Шымкенттік тәртіп сақшылары Opel Astra көлігін ұрлап кеткен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің “102” сымтетігі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 800 000 теңге тұратын Opel Astra маркалы автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткендігі туралы айтқан. Оқиға Республика даңғылы бойындағы Арбат аллеясының алдында орын алған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Патрульдік полиция полкінің 8-рота қызметкерлері С.Усманов, Н.Бектеміров және Т.Саренбай Б.Момышұлы мен Ғ.Іляев көшелерінің қиылысында қырағылық пен мұқияттылықты танытып, іздеуде болған автокөлікті анықтайды. Жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 200-бабында автокөлікті заңсыз айдап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тексеру барысында анықталған азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру