Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте танысының телефонын иемденіп алған түркістандық ұсталды

Шымкентте танысының телефонын иемденіп алған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы Samsung  ұялы телефонын уақытша қолдануға сұрап алып, осы уақытқа дейін қайтармай жүргенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Абай АПБ-ның криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына жұмылды. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, бір тәулікте азаматтың жеке басы анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 48 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру