Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тапа-тал түсте бірнеше скутер ұрлаған үш түркістандық ұсталды

Шымкентте тапа-тал түсте скутерлер ұрлаған үш түркістандық азамат ұсталды
Полиция скутерлерді иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық туралы арыздар Тұран ауданының полиция басқармасына түсті. Арызданушылардың айтуынша, скутерлер көпқабатты үйлердің ауласында тұрған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілерді анықтап, қозғалыс бағытын бақылады. Олар Түркістанда қолға түсті.

Ұсталғандардың айтуынша, бөтеннің скутерлерін үйге қайту үшін айдап кеткен. Полицейлер мотокөліктерді тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды.

Ұрлық жайттары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру