Шымкентте тәулік ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 76 жүргізушіге хаттама толтырылды
Шымкентте тәулік ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 76 жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тұрақты түрде жұмыс атқаруда.
Өткен тәулікте атқарылған жұмыс барысында қауіпсіздік белдігін тақпаған – 76 жайт анықталған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына (Қауіпсіздік белдігін тақпау) негізделе отырып әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.