Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда зейнеткерге жол бермей, дөрекілік танытқан жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда зейнеткерге жол бермей, дөрекілік танытқан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда Павлодар қаласының полициясына қарт әйел қоңырау шалып, ол біраз уақыт бұрын Малайсары батыр көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде агрессивті жүргізушінің құрбаны бола жаздағанын айтты. Автомобилист зейнеткерге жол бермей, дауыстап дөрекілік танытты. Қала тұрғыны өте қобалжыған және қорқып қалған күйде болды, өйткені жағдай қайғылы аяқталуы ықтимал еді.

Қысқа мерзімде полиция Nissan жүргізушісін анықтады, ол қатты ашулы және ыза болғанын айтты, сол себепті әжеге жол бермеген. Осы бұзушылық үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді павлодарлыққа 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Полиция сол күні Сұрағанов-Лермонтов көшелерінің қиылысында осындай бұзушылықты тіркеді, солға бұрылған кезде Audi маркалы көліктің жүргізушісі сол кезде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол бермеді. Бұл факт бейнекамерамен тіркелді, жүргізуші ҚР ӘҚБК 600-бабының 1-бөлігі бойынша жауап береді.

– Ағымдағы жылы полиция жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 2400 фактісін тіркеді, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру