Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ерлік жасаған полиция қызметкерлері марапатталды

Құтқарушылар күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде ерлік жасаған қызметкерлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған дәлел ретінде Өскемен қаласы полиция басқармасының, Семей қаласының, Алтай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері болып табылады, олар облыс әкімдігінің “Қызметтік міндеттерін атқаруға жауаптылықпен қарағаны, төтенше жағдайларды жою, адамдарды құтқару кезінде көрсеткен адал еңбегі, жанқиярлығы және кәсіпқойлығы үшін” алғыс хаттарымен марапатталды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері сегіз адамның өмірін сақтап қалды, әріптестеріміз жанып жатқан үйден үш азаматты шығарды, суға батып бара жатқан екі ер адам құтқарылды, оларға уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсетілді, өзін-өзіне қол жұмсаған үш фактісінің алдын алды. Қызметтік борышын орындау барысында алынған пышақ жарақаттарына қарамастан, қызметкерлер ізін суытпай қылмыскерлерді ұстады.

Күн сайын полиция қызметкерлері қызметке кіріскен кезде өздеріне қауіп төндіреді, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді, күтпеген және төтенше жағдайларға тап болады. Халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің бұл әрекеттері жас ұрпаққа үлгі болып табылады.

Іс-шара соңында ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков әріптестеріне адал қызметі үшін алғыс айтып, оларға кәсіби өсу, амандық және мықты денсаулық тіледі!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру