Шымкентте телефон ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды
Шымкентте телефон ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 28 мамырында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам сөмкесінде болған құны 60 мың теңге тұратын «Redmi» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалды полиция қызметкерлері мен Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.