Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте телефон ұрлығы «ізі суымай» ашылды

Шымкентте телефон ұрлығы «ізі суымай» ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз азаматша, қаладағы саябақтардың бірінде орналасқан спорт алаңынан, кәмелет жасқа толмаған ұлының сөмкесінен құны 357 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Күдікті телефонды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Әл-Фараби АПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, қолға түсірді.

Ұсталған азаматтың бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру