Шымкентте той өткізгендер жауапқа тартылды
Шымкентте мониторингілеу тобы рейдтер барысында карантин режимін бұзу деректерін анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд кезінде 2021 жылдың 28 наурызында сағат 14:20-да Шымкент қаласы Д.Еримбетов көшесі №185 үйде орналасқан «Saka Grand» мейрамханасының карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс істеп жатқанын анықтады. Тексеру кезінде мейрамханада беташар өткізіліп жатқан.
Мекеме әкімшісінен түсініктеме алынды. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырады. Сондай-ақ карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.