Шымкентте тұрғын асыл тұқымды итті ұрлап кетті
Шымкентте тұрғын құны 400 мың теңге тұратын итті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу құны 400 мың теңге тұратын қоңыр түсті жеті айлық «Акита-ину» тұқымды итін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.