Шымкентте тұрғын құжаттарын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Шымкенттік полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы тұрғынның таксиде қалған құжаттарды тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен жергілікті тұрғын таксиде құжаттарын қалдырып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері А. Аширов пен Н. Орынбеков тез арада бейнебақылау камерасы арқылы автокөлікті тауып, құжаттарын иесіне қайтарып берді.
Қала тұрғыны полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекетіне тәнті болып, өз қызметіне аса жауапкершілікпен қарағанына алғыс білдірді.