Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қиыршық тасты заңсыз өндірудің 9 жайтының жолын кесті

Түркістан облысының полицейлері қиыршық тасты заңсыз өндірудің тоғыз жайтының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың, браконьерліктің және қиыршық тасты заңсыз өндіру жайттарының алдын алу және жолын кесу мақсатында табиғатты қорғау полиция инспекторлары үнемі рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Облыстық департаментте аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.

Жедел алдын алу іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары өзендер мен су қоймаларының жағасында қиыршық тасты заңсыз өндірудің 9 жайтын анықтады.

Мысалы, рейдтік іс-шаралар кезінде Келес АПБ-нің полицейлері Келес өзенінде қиыршық тасты өндіру бойынша заңсыз қызметті тоқтатты. Белгісіз адамдар экскаватордың көмегімен жағадан қиыршық тасты шығарып, КамАЗ автокөлігіне тиеген. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Заттай айғақ ретінде полицейлер браконьерлерден барлығы 18 бірлік техника, экскаватор, жүк тиегіш пен жүк көліктерін тәркіледі.

Қиыршық тасты заңсыз өндірудің барлық анықталған жайттары бойынша құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға бағытталған тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бес құқық бұзушыны анықтап, оларға 80 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру