Шымкентте тұрғындарды 6 млн теңгеге алдап кеткен күдікті әйел ұсталды
Шымкентте тұрғындарды алты млн теңгеге алдап кеткен күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті екі тұрғын арызданған. Олар өз арыздарында бейтаныс әйел келіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз үй алып беремін деп сенімдеріне кіргенін, осылайша алаяқтық жолмен біреуінен бес млн, ал екіншісінен бір млн теңге алып кеткенін көрсеткен.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.
Қаратау ауданы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Тергеу барысында ұсталған азаматша бұрын соңды алаяқтық жайты бойынша істі болғаны анықталды. Қазіргі кезде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.