Шымкентте тұрғындардың тыныштығын бұзған күйеу жігіт жауапқа тартылды
Шымкентте тұрғындардың тыныштығын бұзған күйеу жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент полицейлері тікелей эфирде той кортежіне қатысушылар тарапынан құқық бұзушылықтар болып жатқан бейнежазбаны анықтады.
Оқиға орнына Еңбекші АПБ-ның тәртіп сақшылары барды. Істің мән-жайын анықтау барысында жергілікті тұрғынның қалындығын ұзатып алып келгені, туыстарымен қуанышты тойлау үшін жиналғаны және пиротехниканы қолданып, әуеге салют атқаны белгілі болды.
Тұрғындардың тыныштығын бұзғаны үшін күйеу жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ бейнежазбада көрсетілген көліктің жүргізушісі анықталып, арнайы сигналды маяктарды (стропаскоп) қолданғаны үшін әкімшілік кодекстің 603-бабы 1-бөлігімен жауапқа тартылды.
Осыған байланысты полицейлер беймезгіл уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзбауды ескертеді.