Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте учаскелік полицейлер қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр

Шымкентте учаскелік полицейлер қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барасында Әл-Фараби АПБ-ның №15 учаскелік пункт қызметкерлері әкімшілік аумақты аралап, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты пәтерлерді, сауда нүктелері мен өзге де мекелерді шолып, рейд жүргізіп, болған құқық бұзушылықтарға қатысты дер кезінде шара қолдануда.

Мәселен, бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әкімшілік аумақта анықталған заң бұзушылықтарға қатысты полицейлер жалпы саны 123 хаттама толтырды. Бұған қоса, есірткі қылмысымен байланысты 7 жайтты дер кезінде анықтап, жолын кесті.

Сонымен қатар азаматтарға соңғы кездері белең алып жатқан интернет-алаяқтардан сақтанудың жолын түсіндіріп, пәтер ұрлығының алдын алу туралы қажетті мағлұматтар берді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік сияқты заң бұзушылықтардың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден полицияға хабарлауды ескертті.

Сәйкесінше тәртіп сақшылары халық көп баратын нысандарға, тұрғын үйлердің подьездері мен сауда орындарына алаяқтық қылмысынан сақтану туралы ескерту жадынамалары мен учаскелік полиция инспекторы жайында ақпарат көрсетілген жадынамаларды іліп шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру