Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қайтыс болды

Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек сағат 14:15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы фельдшерінен кәсіпорында жұмыс істейтін ер адамның қаза тапқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводская кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы қайтыс болғанын анықтады.

Ер адам оған бекітілген бетон тірекпен бірге биіктіктен құлап қайтыс болды.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 156-3-бап (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру