Шымкентте үйлену тойын жасағандар анықталды
Шымкентте үйлену тойын жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді.
16 қыркүйек сағат 18:42-де аудан аумағында орналасқан «Тұмар» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, 80 адамнан асатын үйлену той өткізіп жатқанын анықтады.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.