Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үйлену тойын жасағандар анықталды

Шымкентте үйлену тойын жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді.

16 қыркүйек сағат 18:42-де аудан аумағында орналасқан “Тұмар” тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, 80 адамнан асатын үйлену той өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру