Шымкентте ұялы телефон ұрысы қолға түсті
Шымкентте ұялы телефон ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында кафеде үстелдің үстінен белгісіз біреу құны 82 000 теңге тұратын «OPPO A5 S» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №33 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.