Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұялы телефон ұрысы қолға түсті

Шымкентте ұялы телефон ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында кафеде үстелдің үстінен  белгісіз біреу құны 82 000 теңге тұратын “OPPO A5 S” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №33 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру