Шымкентте үздік тергеушілер марапатталды
Шымкентте үздік тергеушілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 сәуір – тергеушілер күні. Тергеушінің жұмысы – ішкі істер органдарындағы өте маңызды және жауапты қызметтердің бірі. Өз қызметінде ақиқат пен шындықты және әділдікті ту еткен тегеуріні мықты тергеушілер аянбай еңбек етеді.
Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаментінде міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеушілер аз емес. Осы ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушілерді және анықтаушыларды Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков марапаттады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығымен “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен бір қызметкер марапатталды. Сондай-ақ, 3 қызметкерге Грамота, 3 қызметкерге алғыс хат табысталып, 5 қызметкерге алғыс жарияланды.
Департамент бастығының грамотасымен 14 қызметкер, департамент бастығының Алғыс хатымен 16 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, тергеу саласының зейнеткерлері де құрметке бөленді.