Шымкентте жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеген 800-ге жуық жүргізуші анықталды
Шымкентте жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеген 800-ге жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік құралын басқару кезінде жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеген 796 құқықбұзушыны анықтады. Осы ретте, құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ұдайы түрде жұмыс атқаруда.