Шымкентте жедел басқару орталығына 8 мыңға жуық қоңыраулар түсті
2021 жылдың 21-27 маусым аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 7 848 қоңырау келіп түсті. Оның – 3 375 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен тоғыз қылмыс ашылды.
Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмек көрсетеді.
Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 904 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 17 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 53, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 37, жол қозғалысы ережелерін бұзу 700 және өзге де 101 құқық бұзушылықтар.