Шымкентте жезөкшелікпен айналысқан 51 бикеш ұсталды
Шымкентте жезөкшелікпен айналысқан 51 бикеш ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Stop-трафик» ЖПІШ барысында қала аумағындағы жалдамалы пәтерлер мен сауналарға рейд жүргізіп, жезөкшелікпен айналысқан 51 бикешті ұстады.
Олардың барлығы жезөкше ретінде, тағы 2 адам жеңгетай ретінде есепке алынды. Сондай-ақ 3 шетел азаматы, қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.
Нәтижесінде «Stop-трафик» ЖПІШ барысында анықталған заң бұзушыларға қатысты жалпы 5 қылмыстық іс қозғалып, 37 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұған қоса, «Кибернадзор» бағдарламасы арқылы заңмен тыйым салынған 46 сайт бұғатталды.