Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жезөкшелікпен айналысқан 51 бикеш ұсталды

Шымкентте жезөкшелікпен айналысқан 51 бикеш ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Stop-трафик” ЖПІШ барысында қала аумағындағы жалдамалы пәтерлер мен сауналарға рейд жүргізіп, жезөкшелікпен айналысқан 51 бикешті ұстады.

Олардың барлығы жезөкше ретінде, тағы 2 адам жеңгетай ретінде есепке алынды. Сондай-ақ 3 шетел азаматы, қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.

Нәтижесінде “Stop-трафик” ЖПІШ барысында анықталған заң бұзушыларға қатысты жалпы 5 қылмыстық іс қозғалып, 37 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған қоса, “Кибернадзор” бағдарламасы арқылы заңмен тыйым салынған 46 сайт бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру