Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол апатында үш бүлдіршін анасынан айырылды 

Шымкентте қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен А. Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. ЖКО салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Үш кәмелет жасқа толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері мен қалған екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Жайт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру