Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері экстремизмнің алдын алу бойынша әлеуметтік желілердің тікелей эфиріне қатысты

СҚО полицейлері экстремизмнің алдын алу бойынша әлеуметтік желілердің тікелей эфиріне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамдарды экстремизмнің қауіпті идеясына әуестенуден сақтану, экстремистік ағымдарға тартушылардан қорғану – осындай мақсатты полицейлер мен СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы алға тартып, Facebook мен Instagram әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастырды. Іс-шара 23 тамызда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті. Кездесудің тақырыбы: “Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”.

Қатысушылар желі қолданушыларына экстремизм идеологиясы, адамдарды экстремистік ұйымдарды тарту механизмі туралы, діни қызметті реттейтін ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы сөз қозғады. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, кездесудің басты мақсаты – дін мәселесі бойынша тек ресми дереккөздерге ғана сену. Әлеуметтік желілерде “ұстаздар” мен “уағыз айтушыларды” іздеу, әсіресе өмірдің қиын жағдайына тап болған жастар үшін жиі экстремистік ағымдардың жетегіне ерумен аяқталады. Азғырушылар алаяқтар сияқты психологиялық тәсілдерді қолданады. Олар өз құрбандарын белсенді түрде іздейді, сондықтан желіде толық сауалнамалық деректеріңізді қалдырмаған абзал, айта кететін болсақ, оларды интернет алаяқтар өз пайдасына жаратуы әбден мүмкін.

– Сонымен қатар, қызметкерлер желі қолданушыларына діни қызметті реттейтін ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтты. Кездесу жастар арасында терроризм, экстремизмді алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспары шеңберінде ұйымдастырылды. ЭҚІҚБ қызметкерлері тұрақты түрде экстремизмнің алдын алуды жүргізеді, — дейді Руслан Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру