Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қалааралық автобус жүргізушісі ұсталды

Шымкентте көлік басқару құқығынсыз жолаушы тасымалдаған қалааралық автобус жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер заң бұзушыны «Автобус» ЖПІШ барысында анықтады.

Тәртіп сақшылары көлікті Тәуке хан даңғылының бойында тоқтатты. Тексеру барысында көлік басқарған Алматы облысының тұрғынында жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Ол екі жыл бұрын көлікті мас күйінде басқарып, жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін аталған құжаттан айырылғаны анықталды.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айыптұраққа қойылды.

Айта кетейік, 20-30 қараша аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізіліп жатыр. Шара құқық бұзушылықтың алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру