Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жыл басынан бері 159 шулы көрші жауапқа тартылды

Шымкентте жыл басынан бері 159 шулы көрші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент тұрғындарының түнгі тыныштығын бұзғаны үшін 159  адам ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына (Тыныштықты бұзу) сәйкес жауапқа тартылды. Олармен мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ұқсас жайттар қайталанған жағдайда салынатын әкімшілік айыппұлдар туралы түсіндірілді.

Тыныштықты бұзу жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Егер аталған тәртіп бұзушылық әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанса, жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру