Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері 11 мас жүргізушіні анықтады

Жамбыл полицейлері 11 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті апта сайын мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізеді.

11-13 ақпан аралығында патрульдік полиция батальонының  қызметкерлері 1106 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркеді, 11 мас жүргізушіні анықтады.

11 ақпандағы рейд барысында елді мекендердің бірінде тәртіп сақшылары 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Mercedes көлігін тоқтатты. Жүргізушіден спирттің иісі шығып тұрды, медициналық куәландыру мас болғанын растады.

Көлік айып тұрағына қойылды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, бұл бапта 15 тәулікке қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

– Көлік құралын мас күйінде басқару – жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың бірі. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру