Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жыл басынан бері 2500-ге жуық жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкентте жыл басынан бері 2500-ге жуық ауыр жүк көлігінің жүргізушісі қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қала көшелерінде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Рейдтік шаралар барысында тәртіп сақшылары қоршаған ортаны ластау және қаланы абаттандыру ережелерін бұзу деректеріне баса назар аударады.

2021 жылдың 5 ақпанында қала аумағында өтіп жатқан «Таза қала» профилактикалық іс-шарасының аясында полиция қызметкерлері жолды ластаған 28 ауыр жүк көлігін анықтап, олардың жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігімен  (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру, оның iшiнде жол жабындысын ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрiнуiн шектеу) әкімшілік хаттамалар толтырды. Үш жүк көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді.

Тұтастай алғанда қалада жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігімен 2421 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру