Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер жергілікті тұрғынның құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданының полицейлеріне Өзбекстанда туған баласының құжаттарын реттеуге көмектесу туралы жергілікті тұрғын хабарласты.  Оның айтуынша, ол Қазақстанға 2008 жылы көшіп келген. Содан бері баласының құжаттарын ала алмаған.

Тәртіп сақшылары аталған азаматшаға көмектесу мақсатында елшіліктермен хат-хабар алмасып, керекті мәліметтерді жинаған.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматшаның баласының құжатын ресімдеп берді.

Полицейлердің қызметіне көңілі толған жергілікті тұрғын мақтааралдық полицейлерге өз алғысын білдірді.

Полиция департаментінің бұл бағыттағы жұмыстары жалғасын таба бермек. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру