Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жыл басынан бері 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді

Шымкентте жыл басынан бері 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ Республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді камтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жүйелі жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, Шымкенттік полицейлер ондағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын сақтауын қатаң бақылауға алған.

Нәтижесінде, жыл басынан бері мегаполисте 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді. Оның ішінде 714-і өзге елдің, қалғаны ҚР-ның азаматы екені анықталды.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзған 253 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 715 азаматқа айыппұл салынды. Тағы 90 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан шеттетілді.

Мұндағы басты мақсат – Шымкентке қоныс аударушы және уақытша тұрақтаушы тұлғалардың заң бұзуына жол бермеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру