Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» ұранымен ауқымды флешмоб өтті

Шымкентте «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» ұранымен ауқымды флешмоб өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» ұранымен ауқымды флэшмоб ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау. Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.

Флэшмобқа полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласы әкім жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен қала жастары қатысты.

Шара барысында азаматтар жастар алаңында «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз!» жазуы бар плакаттарды көтеріп, «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен наразылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру