Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде “Сергек патруль” арқылы 50-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Семейде “Сергек патруль” арқылы үш күнде 50-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір қалада осындай “сергектері” бар үш патрульдік көлік бар. Үш күндік патрульдеу барысында 50-ден астам өрескел жол ережесін бұзу фактісі анықталды.

Жаңа функция облыс орталығындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.

– Кешен камералар мен жасанды интеллект көмегімен жол қозғалысы кезіндегі көліктерді анықтайды, мемлекеттік нөмірді таниды және тәртіп бұзушылар мен борышкерлердің деректер қорын (алимент, салықтар), сақтандыру деректер базасын, анықталмаған, жалған нөмірлер мен жол белгілерін тексереді. Бұл құрылғылар Астана мен Алматыда тиімді екенін дәлелдеді, – дейді полиция бөлімінің бастығы Зарема Бақытбекова.

Бұл жүйені енгізу қаладағы жол-көлік оқиғалары санының деңгейіне және жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне оң әсер етуі тиіс. Жабдық тіпті қараңғыда, қолайсыз ауа райында және аязда тиімді жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық пакет “Қорғау” мобильді қосымшасымен біріктірілген.

– Жыл соңына дейін кешеннің функционалдығы кеңейтіледі, атап айтқанда: жылдамдықты шектен асыру, дұрыс емес тұрақ және жол белгілерін бұзуды тіркеу, – деп қосты Зарема Бақытбекова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру