Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын кеңсе күзетшісінің телефонын қолды қылған

Елордалық тұрғын кеңсе күзетшісінің телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері телефон ұрлаған 38 жастағы жігітті анықтады. Тергеу кезінде ол Орлыкөл көшесінде орналасқан ғимараттардың ішіндегі кеңсенің біріне кірген. Кеңсеге кіре берісте күзетші орнында болмаған, телефоны үстелдің үстінде болған. Шығар уақытта телефонның қараусыз қалғандығын пайдаланған ол iPhone 11 pro телефонын қалтасына салып әкеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 300 мың теңге болған.

Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша (Ұрлық) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заттай айғақтар алынды. Астана тұрғыны кінәсін мойындап, оның бұған дейін елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру