Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақшаңды 50%-ға еселеп беремін”: жетісайлық әйел шымкенттікті алдап кетті

Шымкенттік полицейлер алаяқтықпен ақша иемденіп алған жетісайлық әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел әлеуметтік желі арқылы қаражатты үш тәулік ішінде 50%-ға еселендіріп беремін деп жарнамалап, 350 мың теңгесін банк есеп шотына салдырып, алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған арыз бойынша Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде, 26 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру