Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есептегі сотталғандар арасында шаңғыдан жарыс өтті

Оралда есептегі сотталғандар арасында шаңғыдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қалалық пробация қызметі мен Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамыту сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру