Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі жігіт 2 ай бойы гаражға ұрлыққа түскен

Орал қалалық Полиция басқармасы КПб жедел уәкілдері 2020 жылғы сәуір мен май айлары ішінде ұрлыққа жол берген, құрамында екі жігіттен құрылған қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер екі ай бойы қала ішіндегі гараждардың есіктері күштегенде сынбаса, тепкенде құлыптары бұзылмаса, қабырға тастарын сындырған. Кірпіш тастарды бір-бірден алып, сыртқа жинаған немесе гараждың астынан кіру үшін іргесін тереңдетіп қазған. Осылайша, бірнеше
гараждарға ұрлыққа түсіп, гараж ішіндегі жеке мүліктерді ұрлап, мекен-жайларына
жеткізіп отырған.

Осы екі жігіт 4 сәуірдегі кешкі сағат 18-ден 10 сәуір кешкі сағат 18.30-да кезектесіп, гараждың іргесін қазып, бір кісі сиятындай ойық қазған. Сол ойық арқылы Производственная көшесіндегі бір үйдің ауласындағы металл гаражға кірген. Гараж ішіндегі төрт дана қысқы резеңке
дөңгелектерді, төрт дана жазғы резеңке дөңгелектерді, көк түсті корпусы бар аккумулятор, бес литрлік пластик құтыға құйылған 100 дана сұйықтық құралын ұрлаған.

Заттарым үрланды деп “102”- ге телефон соққан 1996 жылғы А. есімді тұрғынға 172 мың теңге материалдық залал келді. Оқиға орнына барған Орал қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы аяқ киім іздерін, дөңгелек іздерін және киімнің іздерін алды. Көп кешікпей КПб жедел уәкілдері гараждар мен мекемелерге ұрлыққа түскен осы екі жігітті ұстады. Полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болған күдіктілер туралы толық мәліметтер жинап, бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын анықтады.

Бүгінгі күні басқарманың тергеу бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөліміне (ұрлық) сай үш эпизодпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұлардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру