Шымкенттік алаяқ Түркістан облысының тұрғынын 3,8 миллион теңгеге алдап кетті
Шымкенттік алаяқ Түркістан облысының тұрғынын 3,8 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында мемлекеттік бағдарлама тарапынан қайтарымсыз қомақты ақша шығарып беремін деген әйел 3 800 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.