Қарағандыда ер адамды тонап кеткен 26 жастағы әйел ұсталды
Қарағандыда ер адамды тонап кеткен 26 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде 31 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бір әйел оны тонап кеткен. Мән-жайды анықтай келе, жәбірленуші жақында танысқан бір әйелді қонаққа шақырған. Көңілді отырыс алкогольді ішімдіктерді ішумен жалғасқан. Біршама уақыттан соң жаңа танысы пышақты алып, үй иесін қорқыта бастаған. Жәбірленушінің ұялы телефонын алып кетіп, одан банктердің бірінің интернет қосымшасы арқылы 1 миллион 965 мың теңгені өз шотына аударып алған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
18 қазанда жедел-іздестіру шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкері күдікті 26 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қайта квалификацияланды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.