Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік мерген қыз үздік қызметі үшін марапатталды

Шымкенттік мерген қыз Мәншүк Саржанова үздік қызметі үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамның қауіпсіздігі мен халықтың тыныштығын қамтамасыз ету саласында ерлермен тең дәрежеде жұмыс істейтін нәзік жандылар да аз емес. Солардың бірі Мәншүк Саржанова. Ол – Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің инспекторы. Халықаралық әйелдер күніне орай Мәншүк Айдарханқызына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен алғыс жарияланды. Полиция аға лейтенанты құқық қорғау саласында 14 жылдан астам жұмыс істейді. Осы кезеңде мінсіз қызметі үшін Ішкі істер министрі және департамент бастығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. Өз әріптестері ортасында «мерген қыз» атанған азаматша тапанша атудың қыр-сырын ерекше меңгерген.

– Қызмет бабында түрлі экстремалды жағдайларға тап келетін құқық қорғау қызметкерлері шұғыл іс-әрекеттерге әркез даяр тұру керек деп санайды. Жалпы тәртіп сақшысының жұмысы әмбебаптылықты талап етеді. Ептілік, төзімділік, нысананы дәл көздеу мен батылдық, дәл – Мәншүк Айдарханқызының болмысына берілген баға сынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру