Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицей құны 5 млн тұратын жоғалған жылқыны иесіне қайтарды

Шымкенттік полицей құны 5 миллион тұратын жоғалған жылқыны иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз шағымында құны 5 миллион тұратын, бір көкпар айғыры жоғалып кеткенін көрсеткен.

Хабарды алысымен тәжірбиелі тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, іздеуге кірісті. Куәгерлерден жауап алып, жақын аумақтарды аралайды. Сақшылардың тыңғылықты жұмысының нәтижесінде, жоғалған жылқы Сайрам мөлтек ауданында орналасқан алма баудың бірінен табылып, иесіне қайтарылды.

Осы тұста тұрғын жоғалған малын тауып берген полиция қызметкерлеріне өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру