Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер 100 адам қатысқан тойды тоқтатты

Шымкенттік полицейлер 100 адам қатысқан тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының полицейлері Ш. Уәлиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантин талаптарын сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойхана «қызыл аймаққа» қарамай, 100-ден астам адам қатысқан үйлену тойын өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру