Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

1,8 млн теңгенің екі бас түйесін ұрлаған аралдықтар ұсталды

1,8 миллион теңгенің екі бас түйесін ұрлаған аралдықтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың шілде айының 1-нен 2-не қараған түні белгісіз біреу аралдықтың үйінің жанында орналасқан мал қорасынан құны 1 800 000 теңге тұратын екі бас аналық түйелерін жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары Н. Байзақұлы, Е. Баймағанбетов, С. Алматұлынының жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде бұл қылмысты жасаған Арал қаласының К.А есімді тұрғыны мен Арал ауданы Сексеуіл кентінің И.Ж. есімді тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Орын алған қылмыс оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру