Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандағы 10 шетел азаматы елден шығарылды

Түркістан қаласында “Заңсыз келуші-2021” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 10 шетелдік ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасы Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 5-12 шілде аралығында “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көші-қон заңдылықтарының бұзылуын анықтау.

“Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде Түркістан қаласы бойынша 10 Түркия елінің азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыппұл салынып, соттың қаулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Оған қоса шетелден адамдарды шақыртушы тарап болып саналған бес қала тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) ескертулер берілді.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының 11 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен айыппұл салынды. 
Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді! 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру