Шымкенттік полицейлер адасып кеткен 4 жасар баланы ата-анасымен қауыштырды
Шымкенттік полицейлер адасып кеткен төрт жасар баланы ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 31 мамырында сағат 21:00-де Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында Шымкент қаласы Рысқұлбеков пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында төрт жасар баласының адасып кеткенін жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бүлдіршін көрші ауладан табылып, анасына дін-аман табысталды.
Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындарына балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.