Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер адасып кеткен 4 жасар баланы ата-анасымен қауыштырды

Шымкенттік полицейлер адасып кеткен төрт жасар баланы ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 31 мамырында сағат 21:00-де Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында Шымкент қаласы Рысқұлбеков пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында төрт жасар баласының адасып кеткенін жазып көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бүлдіршін көрші ауладан табылып, анасына дін-аман табысталды.

Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындарына балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру