Шымкенттік полицейлер адасып кеткен жасөспірімді тапты
2021 жылдың 18 мамыр күні Әл-Фараби АПБ «102» нөміріне қала тұрғынынан 11 жасар жасөспірім адасып кетті деген хабарлама түскен. Онда баланың Шымкент қаласының Т. Рысқұлов көшесі №2 үйден белгісіз бағытқа шығып кеткендігі айтылған.
Полицейлер ақпарат алысымен бірден шұғыл іздестіру жұмыстарына жұмырылдырылды. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстарын кеңінен жүргізген.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адасып қалған жасөспірім бір сағат ішінде табылып, анасына дін-аман табысталды.